Қазақстанның екі облысындағы автожолдарда жол қозғалысы шектелді
Жарияланған күні:
2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Qazavtojol өкілдері Telegram-арнасында хабарлады.
Ұлттық оператор жариялаған мәліметке сәйкес, Ақмола облысында - 1 учаске "Астана-Петропавловск" 18-234 км, Астана қаласы - Щучинск қаласы - 216 км автожолдарында көліктің барлық түріне шектеу енгізілген. Өңірде қарлы боран, шектеулі көрініс және көктайғақ екені айтылады.
Сондай-ақ Жетісу облысында бір учаскеде көліктің барлық түріне шектеу енгізілген - "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма станциясы - Достық станциясы - 100 км. Бұл өңірде шектеуге қар аралас жаңбыр мен шектеулі көрініс себеп болған.
Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 363 техника мен 524 адам жұмылдырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053544-qazaqstannyn-eki-oblysynda-avtozoldarda-zol-qozgalysy-sekteldi/