Алматылықтар Медеуге апарар жолдағы ұзын-сонар кептеліске шағымданды (видео)
Жарияланған күні:
Алматыда куәгерлер қаладан Медеуге дейін созылып жатқан көлік кептелісін видеоға түсіріп алды. Олар Шымбұлаққа жету үшін жарты күнін жұмсағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Видео kris_p_almata Instagram-паблигінде жарияланған. Ондағы кадрлардан Медеуге қарай жүретін жолда көптеген көлік кептеліп қалғанын көруге болады.
"Жұрт Медеу мен Шымбұлаққа сағаттап барады, кезек күтіп бір-екі сағатыңды жұмсайсың, ақырында - жарты күнің өте шығады", - дейді жазба авторлары.
Пікір жазған қолданушылар туындаған жағдайға шағымданып, кейбірі тауға бармағанына қуанатынын айтқан.
"Жұрттың шыдамдылығына тәнтімін, өзім бұрылып, кетіп қалар едім", "Отбасымызбен барамыз деп едік, бармағанымыз жақсы болыпты. Үйде теледидар алдында жатқанға не жетсін", "Жүз көлік және бір автобус, осылайша үш рет", "Медеуге баруды ойламағаныма рақмет", "Жарты күн емес, толықтай бір күн", - деп жазған олар.
Шымбұлақ тау шаңғысы курортының ресми Instagram-аккаунтында да "Медеу" базалық станциясына барар жолда көліктердің үлкен ағыны бар екенін ескертіліп, жолға шығындайтын уақытты ескеруді сұралды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053619-almatylyqtar-medeuge-aparar-zoldagy-uzyn-sonar-kepteliske-sagymdandy-video/