Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында жабық тасжолға шығып кеткен көлікті полиция қуған видео жарияланды

Жарияланған күні:

Полиция бейнетіркегішіне жазылған видео кадры. Абай облысы
Полиция бейнетіркегішіне жазылған видео кадры. Абай облысы. Фото: polisia.kz

Абай облысының полицейлерді жабық тасжолға шығын кеткен жүргізушіні қуған видео жарияланды. Жүргізуші қызметкерлердің талаптарына бағынбаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz ресурсының Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Курчатов қаласының маңында болған. 30 жастағы жүргізуші тыйым салынғанына қарамастан, полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, Семей қаласына қарай қозғалысты жалғастырған. Полицейлердің видеотіркегішіне жазылған кадрлардан көлік жүргізушісі біраз жүргеннен кейін тоқтағанын көруге болады.

"Жүргізуші полицейлерден жасырынуға тырысты. Қуу және ұстау кадрлары қызмет инспекторының бейнетіркегішіне түсірілді. Енді бұл дәлелдер сотта ұсынылады, онда құқық бұзушы жолдарға шығуды тоқтатқан полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін жауап береді", - делінген хабарламада.

Аталған баптың санкциясымен азаматтарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.

Абай облысында 2 қаңтар сағат 18.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінуді шектеу, көктайғақ) көліктің барлық түріне жолдар жабылған.

"Жолдардың барлық жабық учаскелерінде елді мекендерден шығуға тосқауыл қоятын полиция қызметкерлері қатарынан бекеттер қойылды. Бұл шектеулер жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында енгізілді.

Полицейлер мен құтқарушылар өз өмірлерін қатерге тігіп, көліктерді қар құрсауынан шығару және адамдарды құтқару бойынша қауіпті іздестіру-құтқару операцияларын жүргізуде. Алайда, автокөлік жүргізушілері тыйымдарды елемеуді жалғастыруда", - делінген полиция хабарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053621-abai-oblysynda-zabyq-taszolga-sygyp-ketken-kolikti-policiya-qugan-video-zariyalandy/