Тимур мен Динара Құлыбаевтар Қазақстандағы ең бай адам атанды
Жарияланған күні:
Читать на русскомӘлемдік Forbes рейтингіндегі ең бай қазақстандықтардың тізімін Тимур мен Динара Құлыбаевтар бастап тұр. Олар отандық бизнесмендер арасында бірінші орынды өзара бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қазіргі уақытта Тимур Құлыбаевтың байлығы 4,7 миллиард долларға бағаланса, әйелі Динараның да байлығы күйеуінің байлығымен бірдей. Олар әлемдік рейтингте 627-орынды өзара бөліседі. Құлыбаевтардың негізгі табысы қаржы бизнесінен түсіп отыр.
Айта кетейік, Тимур Құлыбаев былтыр 2005 жылдан бері басқарған Kazenergy Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметінен кеткен болатын.
Қазақстандық кәсіпкер Владимир Ким әлемдік рейтингтің 642-ші сатысында тұр – отандық бизнесмендер арасында ол Құлыбаевтар отбасынан ғана қалып қойған. Оның байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланды. Ким KAZ Minerals және Қазақмыс акцияларына ие.
Одан кейін Kaspi.kz негізін қалаушы Вячеслав Ким бар – оның байлығы 4,4 миллиард долларға бағаланған. Әлемдік рейтингте қазақстандық кәсіпкер 676-шы орында.
Тағы бір қазақстандық бизнесмен Тимур Турлов Forbes рейтингінде 868-ші орында. Биыл рейтинг бойынша ол байлығы азайып, рейтингте төмендеген жалғыз қазақстандық атанды - Тұрлов 32 миллион доллар жоғалтты. Қазіргі уақытта оның байлығы 3,5 миллиард долларға бағаланады.
Еске салайық, Турлов Қазақстан азаматтығын 2022 жылдың жазында алған – ол сол кезде біздің елде 10 жылдан астам тұрғанын және осында бизнесін құрғанын айтты. Турлов Ресейде кәсіпкерлікке алғашқы қадамдарын жасады.
Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің тізімін Болат Өтемұратов толықтырды. Оның байлығы 2,7 миллиард долларға бағаланады. Әлемдік рейтингте ол 1178-ші орында.
Айта кетейік, Forbes әлемдік рейтингінің бірінші сатысында америкалық кәсіпкер Илон Маск тұр. Сарапшылар оның байлығын 251,3 миллиард долларға бағалады. Сарапшылар өткен жылы кәсіпкердің 43 миллион доллар жоғалтқанын да баса айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053799-timur-men-dinara-qulybaevtar-qazaqstandagy-en-bai-adam-dep-tanyldy/