Павлодар облысында автобус терең шұңқырға түсіп кетті: қаза тапқан екі адамның есімі жарияланды
Жарияланған күні:
Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні Майқайың кеніші шахтасының жанында автобус терең шұңқырға құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Облыс әкімі Асайын Байханов марқұмдардың аты-жөнін жариялады. Оның сөзінше, құтқару жұмыстары жалғасуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында құтқару жұмыстары туралы жаңа мәліметті жария етті.
Оның айтуынша, автобуста 4 адам болды - Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі.
Құтқару жұмыстары түнде басталған және әлі де жалғасуда. Осы ретте Байханов топырақтың құлау қаупіне байланысты құтқару жұмысы қиындай түскенін атап өтті.
"Екі құтқарушының денесі табылды - Сарқыт Берліқан, 23.10.1999 жылы туған және Олег Тышкевич, 18.09.1970 жылы туған. Тағы екі құтқарушыны іздеу жалғасуда.
Басқа зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептерін ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағалығымен арнайы құрылған комиссия анықтайды", - деді Байханов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2053968-pavlodar-oblysynda-avtobus-teren-sunqyrga-tusip-ketti-qaza-tapqan-eki-adamnyn-esimi-zariyalandy/