Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жылда Қазақстан халқының саны қанша адамға көбейді

Жарияланған күні:

Елорданың қысқы көрінісі
Елорданың қысқы көрінісі. Фото: KIRILL KUDRYAVTSEV/AFP via Getty Images

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны кейінгі бір жылда қанша адамға көбейгені туралы мәлімет жариялады. Бұл деректер бюроның Telegram-арнасында жарияланды.

Сонымен, бюро мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға артты, оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өскен.

Ал 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халық саны 20 014 575 адамға жеткен. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 431 220 адам, ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам.

"Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 5,11 пайыз бен 2,82 пайыз, сондай-ақ Маңғыстау облысында тіркелді – 2,40 пайыз", - делінген хабарда.

Еске салайық, былтырғы қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ақжолтай жаңалығымен құттықтаған еді - Қазақстан халқының саны бұл кезде 20 миллионға жеткен.

Бес бірдей нәресте еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054159-bir-zylda-qazaqstan-xalqynyn-sany-qansa-adamga-kobeidi/