Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда украиналық миллионерге іздеу жарияланды

Жарияланған күні:

Вадим Машуров
Вадим Машуров. Фото: instagram.com/vadimmashurov

Қазақстанда Украина азаматы Машуров Вадимға (Вадым) іздеу жарияланды, бұл мәлімет статистика органдарының порталында жарияланды.

2023 жылғы 28 желтоқсандағы іздестіру ісі Алматыда тіркелген. Бастамашысы - Қаржылық мониторингі агенттігі.

Тергеуді Алматы ЭТД жүргізеді. Порталда іздеудегі адам шетелдік азамат - украин екені жазылған. Ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері бұл адам қаржы пирамидасы ісі бойынша іске тартылған Вадим Машуров екенін растады.

Іздеу ісі
Іздеу ісі. Скриншот: qamqor.gov.kz

"РБК-Украина" ақпараты бойынша, Машуров - IT-кәсіпкер, "бизнес-періште", Instime.World компаниясының құрылтайшысы. Ол Украинадағы ең жас миллионерлердің бірі ретінде аталады.

Осыған қарамастан, бірқатар украиналық БАҚ-та Машуров S-Group компаниясының қызметімен байланысты екені жазылған, компания қызметінде қаржы пирамидасының айқын белгілері табылған.

Айта кетейік, Қазақстанда "Sincere Systems" (S-group, SS-group) атты компания ҚМА жариялаған қаржы пирамидаларының тізіміне енгізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054170-qazaqstanda-ukrainalyq-millionerge-izdeu-zariyalandy/