Алматы әуежайының топ-менеджері ұсталғаны рас па: компания өкілдері жауап берді
Жарияланған күні:
Алматы әуежайының өкілдері БАҚ-та топ-менеджері ұсталды деп тарап жүрген ақпаратты жоқа шығарды. Бұл туралы әуежай өкілдеріне сүйенген KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Компания өкілдері қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен байланыста екенін мәлім етті.
"Қазіргі уақытта "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ жүргізіліп жатқан тергеу аясында уәкілетті органдармен байланыс орнатқан. Тергеу аяқталғаннан кейін ақпарат беріледі. Ішкі тергеу де жүргізіліп жатыр. Уфук Серт ұсталған жоқ. Ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі желіде Алматы әуежайының топ-менеджерін ұстау туралы таратылған ақпаратқа қатысты сұраққа.
Басқа мәліметтер әзірше белгісіз.
Еске салайық, желтоқсан айының аяғында Алматы әуежайының екі аға-менеджері компания топтарындағы қайта құруға байланысты лауазымынан босатылғаны хабарланған.
"Компаниялардың бүкіл тобын қайта құруды жыл сайынғы жоспарлау аясында екі экспат аға менеджері Алматы халықаралық әуежайындағы жұмысын тоқтатты", - делінген хабарламада.
Әуежай өкілдерінің айтуынша, лауазымдарынан босатылғандар - Алматы халықаралық әуежайының аға вице-президенттері Йеткин Четин Пакер мен Фатих Омур.
Әуежайдың ресми сайтындағы хабарға қарағанда, Алматы халықаралық әуежайы 2020 жылы Tav Airports түрік компаниясының холдингіне кірген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054182-almaty-auezaiynyn-top-menedzeri-ustalgany-ras-pa-kompaniya-okilderi-zauap-berdi/