Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үй өртенді: қаза тапқандар бар

Жарияланған күні:

Өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер. Фото: t.me/qr_tjm

Ақмола облысы, Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт орын алды. Өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін Бурабай ауданы Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт орын алды.

Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамның 22 адамы жұмылдырылды. Үй толығымен ағаш құрылымдардан тұрғызылғандықтан және отқа төзімділіктің 5 дәрежесіне жататындықтан өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесімен қиындаған болатын. Өрт толығымен сөндірілді",- деп хабарлайды Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрт сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылғанын хабарлады.

Сонымен қатар облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырды.

  • Электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;
  • Жылыту пештерін қараусыз қалдырмаңыз және оларды ұзақ уақыт қыздырмаңыз;
  • Электр жабдықтары мен электр сымдарының жарамды күйін қадағалаңыз;
  • Қосылған электр тұрмыстық және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;
  • Ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054271-shhucinsk-qalasynda-eki-qabatty-tort-paterli-turgyn-ui-ortendi-qaza-tapqandar-bar/