Қаңтарда Алматы маңындағы тауларда бәйшешек гүлдеді (фото)
Жарияланған күні:
Алматы облысының тауларында бәйшешек гүлдеді, табиғаттағы ерекше құбылысты талғарлықтар байқаған. Қаңтарда гүл жарған бәйшешектің суреті әлеуметтік желіде тарала бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бәйшешектің фотосуреті Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланды.
"Спирт зауытынан Рысқұловқа дейін шатқалды жағалай тау жотасына шығып, тауды араладық. Шатқалда да, тауда да бәйшешек бар екен, айтайын дегенім, аз да емес. Таңданысымыз бен қуанышымызда шек болмады", – деп жазылыпты суреттің сипаттамасында.
Энциклопедияда жарияланған дерекке сүйенсек, бәйшешек немесе галантус негізінен таудың етегі мен таулы ормандарда өседі. Кіші Азияда, Орталық және Оңтүстік Еуропада таралған; бір түрі – Ливанда. Олар ерте көктемгі сәндік өсімдіктер ретінде де өсіріледі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте желтоқсан айында қозықұйрық өсе бастағанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054463-qantarda-almaty-manyndagy-taularda-baisesek-guldedi-foto/