Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда әкімнің мемлекеттік нөмірі жалған қызметтік көлігі тоқтатылды

Жарияланған күні:

полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Талдықорғанда тәртіп сақшылары жалған мемлекеттік нөмір таққан көлікті тоқтатты. Көлік қала әкіміне тиесілі екені анықталды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Агенттік мәліметінше, 3 қаңтарда Талдықорғанда патрульдік полиция қала көшесінде жалған мемлекеттік нөмірі бар көлікті тоқтатқан. Тәртіп сақшылары тексеру барысында автокөліктің әкімге тиесілі екенін анықтады.

Полицияның хабарына қарағанда, қазіргі уақытта Талдықорған әкімінің қызметтік көлігі айыппұл тұрағына қойылған. Ал көлік жүргізушісі бес тәулікке қамауға алынды.

Әкімдіктегілер бұл оқиға туралы әлі пікір білдірген жоқ.

Еске салайық, былтырғы маусым айының аяғында Ернат Бәзіл Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054490-taldyqorganda-akimnin-memlekettik-nomiri-zalgan-qyzmettik-koligi-toqtatyldy/