Ақмола облысында арнайы операция жүргізілді (видео)
Жарияланған күні:
Ақмола облысында полицейлер елорда тұрғынын ұстады. Одан 2,5 млн теңгеден астам соманың синтетикалық есірткісі салынған бума табылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның ақпараттық медиа порталы хабарына қарағанда, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сәтті арнайы операция нәтижесінде күшті психотроптық a-PVP затының таралуын тоқтатқаны айтылады.
"Есірті жасырушы жүріп келе жатқан автомашина Көкшетау - Қостанай айналма жолында тоқтатылды. Жеке тінту кезінде жедел уәкілдер 38 жастағы жүргізушіден салмағы 111 г-нан асатын синтетикалық есірткі пакетін тәркіледі. Бұл - заңсыз нарықтағы құны 2,5 млн теңгеден асатын 300-ге жуық бірреттік доза", - деп хабарлады ІІМ.
Сондай-ақ автомобильдің салонында тәртіп сақшылары есірткі жасыруға арналған құрылғыларды тапты: электронды таразылар, қапсырмалары бар пакеттер және скотч.
"Ер адам елордада тұратыны және ұстаудан бірнеше күн бұрын мобильді қолданба арқылы курьер болғаны анықталды. Куратордан алынған нұсқаулыққа сәйкес, есірткі заты Көкшетау аумағында таратылуға тиіс болған. Осы мақсатта ол облыс орталығына келген", - деп түсіндірді ведомстводағылар.
Бұл деректі полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркеді. Тергеу кезеңінде күдікті қамауда болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054611-aqmola-oblysynda-arnaiy-operaciya-otti-video/