Петропавлдық ЖЭО-да 2 миллиард теңгеге салынған жаңа құбыр бұзылады
Жарияланған күні:
"Севказэнерго" компаниясы петропавлдық ЖЭО-да жаңа құбыр бұзылатынын хабарлады, ол 2022 жылы құлаған құбырдың орнына салынған еді. Құрылысқа 2 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарна хабарына қарағанда, құрылымның биіктігі 180 метр болуы керек еді. Бірақ 39 метрге жеткенде жылжымалы қалыптағы ақаудан мұржа қисайып қалған. Құрылыс жұмыстары тоқтатылып, ал мердігер ұйым қатені жоюға кіріскен.
Алайда өткен жылдың аяғында жобалау институты құбырды бұзу керек деген қорытынды шығарған.
"Ең бастысы, бұл оқпан осінен ауытқуына және құрылыс әдіснамасының анықталған ақауына байланысты оны тоқтата тұру және бөлшектеуді бастапқы деңгейге дейін жүргізу қажет, өйткені нөлден жоғары белгіде, біріншіден, жылжымалы қалыптарды орнатуды жүзеге асыру қиын болады - одан әрі құрылыс технологиясын қалпына келтіру қиын, ал ең бастысы - суық түйісуге жол берілмейді, яғни құрылыс әдістемесінің өзі үздіксіз құйылуы керек", - деді "Севказэнерго" АҚ бас директоры Анатолий Казановский.
Бұзғаннан кейін құбырды қайта салу жоспарланған. Жұмысты аяқтау мерзімі деп 2024-2025 жылдар аталып отыр.
Телеарна тілшілерінің мәліметінше, бұған дейін ЖЭО жаңа мұржасына 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Енді барлық құрылыс шығыны мердігердің мойнында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054708-petropavldyq-zeo-da-2-milliard-tengege-salyngan-zana-qubyr-buzylady/