Синоптиктер алдағы үш күнде кей өңірлерде 32 градус аяз болатынын ескертті
Жарияланған күні:
11-13 қаңтар аралығында Қазақстанда тұрақсыз ауа райы болады. Синоптиктер аяз бен мұзтайғақ болатынын ескертті. Бұл туралы "Қазгидрометке" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Метеорологтардың болжамына қарағанда, ауыр қысымды түзілімдердің тез өзгеруі бүкіл Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райына алып келеді.
"Солтүстік өңірлерде қарлы, желді ауа райы күннің ашылуы мен қысқа мерзімді аязбен алмасса, оңтүстік өңірлерде қатты жауын-шашын түседі", - деп атап өтті мамандар.
Сонымен қатар ауа температурасының қысқа мерзімді өзгеруіне байланысты көктайғақ болуы мүмкін.
Синоптиктердің айтуынша, батыс аймақтарда 11 және 13 қаңтарда, ал солтүстік аймақтарда 11 және 12 қаңтарда аяз болады, мұнда термометр бағаны түнде -20... -32 градусқа дейін төмендейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054768-sinoptikter-aldagy-us-kunde-kei-onirlerde-32-gradus-ayaz-bolatynyn-eskertti/