Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды мен Теміртау тұрғындарының жартысы жарықсыз және жылусыз қалды

Жарияланған күні:

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pexels.com

Қарағанды ​​облысында екпінді жел мен қарлы боран соғуда. Нәтижесінде қала тұрғындарының жартысы жылусыз, жарықсыз және сусыз қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Теміртау әкімдігінің Instagram желісіндегі хабарға сүйенсек, қатты жел мен қарлы боран салдарынан жоғары вольтты электр сымдары бірнеше учаскеде үзілген.

Жергілікті биліктің мәліметінше, жөндеу бригадалары апатты жою үшін жұмыс істеп жатыр. Бірақ ауа райының қолайсыздығы электр сымдарын тез қалпына келтіруге кедергі келтіруде.

"Қаланың шығыс бөлігіндегі тұрғындарға суық су қысқартылған гидравликалық режимде беріледі. Qarmet АҚ сумен жабдықтау цехының сорғы станциялары қалыпты жұмысын қалпына келтіруде. Электр желісіндегі қысқа тұйықталу салдарынан қазандық істен шықты. ЖЭО-2 қондырғылары қайта қосылып, от жағуға берілді. Содан кейін олар желіге тізбектей қосылады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар өңірде жедел штаб құрылып, жағдай жергілікті биліктің бақылауында екені атап өтілді.

Қарағандыда да электр энергиясы жаппай үзілгені хабарланды.

"Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 10 қаңтарында техникалық ақаулар орын алды. Жедел топ ақауды жоюда. Жұмыс ауа райы жағдайына байланысты қиындап кетті. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген "Қарағанды ​​Жарық" ЖШС-нің Instagram желісіндегі хабарламасында.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала әкімі Мейрам Қожықов та тұрғындарға үндеу жолдады.

"Мүмкіндігінше үйде отыруларыңызды сұраймын. Электр жарығы сөніп жатыр. Көліктердің қозғалысын жол диспетчерлері реттеп жатыр. "Қарағанды Жарық" жасақтары жұмыс істеп жатыр. Қарды тазалауға барлық техника мен жол қызметкерлері жұмылдырылған", - деді әкім Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2054877-qaragandy-men-temirtau-turgyndarynyn-zartysy-zaryqsyz-zane-zylusyz-qaldy/