Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы метро құрылысы кезінде 5 млрд теңге жымқыру ісі сотқа жолданды

Жарияланған күні:

Алматы метросы
Алматы метросы. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы метросының құрылысы кезінде 5 млрд теңге жымқыру ісін тергеу аяқталды. Материал сотқа жолданды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты 5 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру және Алматы қаласының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып беру деректері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық ісматериалдары сотқа жолданды", - делінген Бас көлік прокуратурасының сайтындағы хабарламада.

Сонымен қатар прокуратурадағылар электрондық кезектің енгізілуіне байланысты, Қытаймен шекарасында тауар тиелген жүк көліктерінің жиналуы байқалғаны айтылған. Шекаралық дүрбелең кәсіпкерлердің үнемі негізделген шағымдарын туғызады.

"Прокуратураның үйлестіру шараларымен кедендік бекеттерде ("Нұр-Жолы" бекеті, "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы) жүктердің өткізу қабілетін 4 есеге арттырып, тауарларды жеткізу мерзімін 2 айдан 10 күнге дейін қысқартты", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Еске салайық, "Алматыметроқұрылыс" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимов 2019 жылдың қарашасында ұсталған. Содан кейін оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды, сол іс материалдары бойынша, оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдік келген.

2019 жылдың 27 қарашасында Қайрат Реимов іс бойынша күдікті деп танылды және сол күні ол ұсталып, изоляторға қамалды. Кейін Реимов кепілмен босатылды. Алайда бірнеше күннен кейін ол қайтадан қамауға алынды.

Алматыдағы "Сарыарқа" және "Момышұлы" метро станциялары 2022 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылуы тиіс еді, алайда ол 2022 жылдың мамырында ғана жүзеге асқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055011-almatydagy-metro-qurylysy-kezinde-5-mlrd-tenge-zymqyru-isi-sotqa-zoldandy/