Құтқарушылар Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті
Жарияланған күні:
Төтеншеліктер Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қар көшкіні жүру қаупіне байланысты таулы аймақтарда серуендеуден бас тартуды сұрады, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, түнде Алматының таулы аймақтарында және Алматы облысының кей жерлерінде қалың қар жауады. Қардың қалың түсуіне байланысты тауларда қар көшкіні жағдайы нашарлауы мүмкін. Осыған байланысты алдағы күндері тауға шығудан бас тартуды ұсынамыз", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Сонымен қатар Алматыда 11 қаңтарда түнде көктайғақ, кей уақытта тұман түсетіні хабарланды.
Төтеншеліктер көлік иелері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055061-qutqarusylar-almaty-taularynda-qar-koskini-zurui-mumkin-ekenin-eskertti/