ҰҚК: Қылмыс үстінде шетелдік екі азамат ұсталды
Жарияланған күні:
ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні өндіру және тарату әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.
ҰҚК-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел қызметкерлер 2024 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласына жақын орналасқан жалға алынған жеке үйде есірткіні дайындау кезінде – қылмыс үстінде шетелдік екі азаматты ұстаған.
"Тінту барысында заңсыз айналымнан 30 кг "альфа-PVP" психотропты затының дайын өнімі, сондай-ақ 5.5 тоннадан астам прекурсорлар алынды.
Қолда бар мәліметтер бойынша есірткілер интернет арқылы сату жолымен Қазақстанда таратылуға арналған", - делінген хабарламада.
Сот шешімімен фигуранттарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
ҰҚК өкілдері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын айта кетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055312-uqk-qylmys-ustinde-eki-seteldik-azamat-ustaldy/