Астанада жаңа газ жылу станциясы салынады
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада қосымша газ жылу станциялары пайда болатынын, сонымен қатар су құбырының екінші желісін салу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Елорда әкімі Instagram парақшасында қаланы жылумен және сумен қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарының жұмыс барысымен, дәлірек айтқанда, ЖЭО-3, ЖЭО-2, ауыз су станциясы (ССС-3), "Тұран" мен "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станцияларының құрылысымен танысқанын айтты.
"Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың күзінде біз «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясының, "Тұран" газ жылу станциясының бірінші кезеңінің, құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3 нысанын аяқтадық. Бұл нысандар қалаға 1100 сағ/Гкал-дан астам жылу береді. Осылайша бізге жылыту маусымында профицитке шығуға мүмкіндік береді", – деп жазды әкім.
Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек былтыр жазда Астана су қоймасынан тартылатын су құбыры мен үшінші ауыз су станциясы салынғанын еске салды. Аталған нысандардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді.
"Қаланы алдағы уақытта да жылумен және сумен қамтамасыз ету үшін қуатын арттыру және жаңа нысандар салу бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз.
Мәселен, биыл тағы бір "Телман" газ жылу станциясын (1-кезек), "Тұран" ГЖС екінші кезегін саламыз. Олар қалаға тағы 850 Гкал/сағ. жылу қуатын береді", – деп жазды Instagram парақшасында жарияланған жазбасында.
Оған қоса әкімнің айтуынша, қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қазір су құбырының екінші желісін салу жұмысы жүріп жатыр. Нұра жерасты су көзінен су құбырын жобалау мен Телман сорғы станциясын кеңейту бойынша жоба жұмыстары аяқталуға жақын қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055358-astanada-zana-gaz-zylu-stanciyasy-salynady/