Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің 5 облысында республикалық маңызы бар жолдардағы 15 учаскеде көлік қозғалысы шектелді

Жарияланған күні:

көлік жүргізіп келе жатқан адам
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның 5 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" Telegram арнасы.

Ақмола облысында – 5 учаске

  • "Астана-Петропавловск" 18-234 шақырым учаске, Астана-Щучинск қаласы – 216 шақырым;
  • "Екатеринбург-Алматы" 1292-1353 шақырым, Жібек жолы ААП-Қарағанды обл. шекарасы – 61 шақырым;
  • "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" 35-51 шақырым, Қабанбай батыр ауылы-Қарағанды обл. шекарасы – 16 шақырым;
  • "Астана-Ерейментау-Шідерті" 16-200 шақырым, Астана қаласы-Павлодар обл. шекарасы – 184 шақырым;
  • "Жезқазган-Петропавловск" 377-440 шақырым, Қостанай обл. шекарасы-Державинск қаласы – 63 шақырым (қар, бұрқасын, жол көрінісінің деңгейі нашар).

Жетісу облысында – 1 учаске

  • "Үшарал-Достық" 84-184 шақырым, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 шақырым (бұрқасын, жол көрінісінің деңгейі нашар, екпінді жел);

Қарағанды облысында – 5 учаске

  • "Екатеринбург-Алматы" 1505-1610 шақырым учаске, Новостройка-Ақсу Аюлы ауылы – 105 шақырым;
  • "Екатеринбург-Алматы" 1353-1445 шақырым, Ақмола обл. шекарасы-Теміртау ААП – 92 шақырым;
  • "Қызылорда-Павлодар" 970-1135 шақырым, Қарағанды-Павлодар обл. шекарасы – 165 шақырым;
  • "Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-шығыс айналма жолы" 0-16 шақырым, Пришахтинск-Новостройка ауылы – 16 шақырым (қар, бұрқасын, жол көрінісінің деңгейі нашар);
  • "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" 51-101 шақырым, Ақмола обл. шекарасы-Нұра ауылы – 50 шақырым (Ақмола облысындағы ауа райы қолайсыздығына байланысты).

Қостанай облысында – 1 учаске

  • "Жезқазған-Петропавловск" 339-377 шақырым, Арқалық қаласы-Ақмола обл. шекарасы – 38 шақырым (Қарағанды облысындағы ауа райы қолайсыздығына байланысты)

Павлодар облысында – 3 учаске

  • "Қызылорда-Павлодар" 1135-1206 шақырым, Қарағанды обл. шекарасы-Шідерті – 323 шақырым (Қарағанды облысындағы ауа райы қолайсыздығына байланысты);
  • "Астана-Ерейментау-Шідерті" 200-259 шақырым, Ақмола обл. шекарасы-Шідерті ауылы – 59 шақырым (Ақмола облысындағы ауарайы қолайсыздығына байланысты);
  • "Ленинский-Иртышск-Русская Поляна" 0-263 шақырым, Ленинский ауылы-РФ шекарасы – 263 шақырым (қар, бұрқасын, жол көрінісінің деңгейі нашар).

Сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің дерегінше, республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 207 бірлік техника мен 309 жолшы жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055371-elimizdin-5-oblysynda-respublikalyq-manyzy-bar-zoldardagy-15-ucaskede-kolik-qozgalysy-sekteldi/