Қарағанды облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланады
Жарияланған күні:
Қарағанды облысы Шет ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.
Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров "Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы ауылдық округі және Ақшатау кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау" шешімін қабылдады.
Құжатқа сәйкес, техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы лауазымына Шет ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Карсембаев тағайындалды.
Сондай-ақ Карсембаевқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу міндеті тапсырылды.
"Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 10 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады", – делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.
Аталған құжаттың қоғамдық талқылауы 14 қаңтарда аяқталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055400-qaragandy-oblysynda-tabigi-sipattagy-totense-zagdai-zariyalanady/