Талдықорғандық оқушы қыз Алматыда жоғалып кетті
Жарияланған күні:
Қазақстанның оңтүстігінде Талдықорғаннан Алматыға кетіп, жоғалған 17 жастағы қыз бесінші күн табылмай жатыр, деп хабарлайды полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қыздың жоғалуы туралы ақпарат Lider.kz еріктілер қозғалысының Instagram-парақшасында жарияланды.
Еріктілердің айтуынша, 17 жастағы Айша 10 қаңтарда Талдықорғаннан Алматыға кетіп, жоғалып кеткен. Қыздың белгілері: бойы 176-178 сантиметр, орташа дене бітімді, шашы қара түсті, шашы қысқа қиылған, көзі қоңыр. Айша қоңыр пальто, ақ шарф және қызыл жейде киген.
Жетісу облыстық полиция департаменті өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне қызды іздеу жалғасып жатқанын хабарлады. Жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-тергеу тобы құрылды.
"Іздестіру жұмыстары облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Алдын ала ақпарат бойынша, іздеудегі оқушының ұялы телефонынан соңғы телефон сөйлесуі Алматыда тіркелді, содан кейін телефон өшірілді", - деді полиция.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055474-taldyqorgandyq-oqusy-qyz-almatyda-zogalyp-ketti/