Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Астанада қар жауған сәт
Астанада қар жауған сәт. Фото: NUR.KZ

16-18 қаңтар күндері Қазақстанның кей жерінде 33 градусқа дейін аяз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, кең антициклон Қазақстанның көптеген облысында ашық аязды ауа райына себеп болады.

Тек елдің батысы мен оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, қар түрінде жауын-шашын болады, боран мен жел күшейеді.

Негізгі температуралық фон: түнде солтүстікте, шығыста және орталықта -25...-33 градус, күндіз -15...-23 градус; түнде оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -5...-15 градус, күндіз -2...-7 градус; батыста түнде -8...-18 градус, күндіз -3...-15 градус.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055489-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/