Алматылық оқушы дене шынықтыру сабағында соққыға жығылғанын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматылық мектеп оқушысы дене шынықтыру мұғаліміне шағымданып, басқа да оқушыларды ұрды деп айыптады. Қалалық полиция департаменті тексеру басталғанын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқушының шағымы EGOV.PRESS Telegram-арнасында жарияланды. Жазба сипаттамасында Алматы мектептерінің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі балаларға қол көтерді деп жазылған. Сондай-ақ үндеу жасаған баланың алтыншы сынып оқушысы екені айтылған.
Видеода ол соққыдан қабырғасы мен ішінің ауырғанын айтқан. Жазбаға Алматы полиция департаменті түсінік берген.
"Аталған факт бойынша Алатау ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізуде. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055541-almatylyq-oqusy-dene-synyqtyru-sabagynda-soqqyga-zygylganyn-malimdedi/