Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында мәслихат депутаты адам қолынан қаза тапты

Жарияланған күні:

Дәурен Слямов
Дәурен Слямов. Фото: facebook.com/Даурен Слямов

Желіде Жетісу облысының Алакөл аудандық мәлихатының депутаты Дәурен Слямовты өлтіріп кетті деген ақпарат тарады. Өңірлік полиция департаменті аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін әлеуметтік желіде Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовтың өліміне қатысты ақпарат тарады. KAZ.NUR.KZ тілшісі жағдайдың анық-қанығын білу мақсатында Жетісу облысы ПД баспасөз қызметіне хабарласты.

Құқыққорғаушылардың мәліметіне сәйкес, 15 қаңтар күні сағат 15:25 шамасында Алакөл аудандық полициясына Үшарал қаласындағы салынып жатқан нысандардың бірінде алкогольге мас болған ер адамның жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері күдікті ретінде 24 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Ол жұмысшыларды қорғамақ болған 34 жастағы ер адамға пышақ жарақатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен. Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына бес минутта жетіп үлгерген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Алайда зардап шеккен азамат алған жарақаттары салдарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті Алакөл аудандық полиция бөлімшесіндегі уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Аталған жағдай бойынша бірқатар сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055640-zetisu-oblysynda-maslixat-deputatyn-oltirip-ketti/