Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанар Байсемізова: басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шықсам да, өз ұлтыма қызмет етіп жүрмін

Жарияланған күні:

Жанар Байсемізова
Жанар Байсемізова. Видеодан кадр: Abay Live

Тележүргізуші Жанар Байсемізова осыдан бірнеше жыл бұрын тұрмысқа шыққан болатын. Ол Abay Live бағдарламасында өзге ұлтқа тұрмысқа шықса да, қазаққа қызмет етіп жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен әрдайым отбасыма, жеке басыма қатысты нәрсені салқынқанды қабылдаймын. Қанша адам, сонша пікір бар. Әр түрлі пікірдің болуы заңдылық. Сен оның ойын өзгерте алмайсың. Ол қандай да бір қадамнан өтіп барып, пікірін өзгертуі мүмкін.

Мен өткенде де айтқанмын. Мен ұлтқа қызмет етіп жүрмін деп ойлаймын. Мен басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шықсам да, өз ұлтыма қызмет етіп жүрмін. Өз тілімді дамытуға және қазақ қанының өз елінде қалуына қызмет етіп жүрмін. Әр адамның миссиясы болады. Әркім бұл өмірге тектен-текке келген жоқ, бір дүниені арқалап келді. Менің арқалаған жүгім осы шығар деп ойлаймын", - деді Жанар Байсемізова.

Еске сала кетейік, Жанар Байсемізова "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055773-zanar-baisemizova-ozge-ultqa-turmysqa-syqsa-da-qazaqqa-qyzmet-etip-zurgenin-aitty/