Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есірткіні кофе стақандарына жасырған": Алматыда арнайы операция жүргізілді

Жарияланған күні:

Арнайы операция
Арнайы операция. Видеодан кадр: polisia.kz

Алматы полициясы арнайы іс-шара барысында синтетикалық есірткіні көтерме сатушылар мен бөлшек саудада таратушыларды ұстады. Полицейлер есірткі курьерлері бетбелгі қою үшін кофе стақандарын пайдаланатынын анықтаған, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық-медиа порталы.

Басылым мәліметінше, есірткі жасырушылар жұппен жұмыс істеген, бірнеше күн бұрын 27 және 29 жастағы алматылықтар ұсталған.

"Олардан мефедрон синтетикалық психотроптық заты бар 36 бума тәркіленді. Арнайы іс-шаралар барысында жастар есірткіні тұрақты жеткізушілерден сатып алғаны анықталды. Бұл адамдар, белгілі болғандай, тек сенімді сатушылармен "жұмыс істеуді" жөн көрді. Қаскөйлердің жалға алған үйінен, атап айтқанда, тоңазытқыштан жалпы салмағы 2 келіге жуық ұнтақты зат салынған 745 бума табылды және тәркіленді.

Ұсталғандар қылмысн мойындап, есірткіні көп мөлшерде Алматы облысының елді мекендерінен алғанын айтты. Күдіктілер ірі көлемдегі есірткіні кофе стақандарына жасырған", - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Қылмыстық істі Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатыр.

Ұсталғандар қамауға алынған.

Құзырлы орган мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055776-esirtkini-kofe-staqandaryna-zasyrgan-almatyda-arnaiy-operaciya-zurgizildi/