Жезқазғанда су құбыры жарылды: бірнеше шағынаудан екінші күн ауыз сусыз отыр
Жарияланған күні:
Жезқазғанда су құбыры желісінен ақау шығып, кешеден бері қаладағы бірнеше шағынаудан ауыз сусыз отыр. Бұл туралы 24.kz телеарнасы хабарлады.
Арна тілшісінің хабарлауынша, қазір тұрғындарға тіршілік нәрі арнайы көлікпен жеткізіліп жатыр. Судан тарыққан абоненттер саны шамамен 150-ден асады. Басым бөлігі жеке секторларда орналасқан.
Бұған қоса облыстық көпсалалы және жұқпалы аурулар ауруханасында ауыз су қысымының төмендегені байқалған.
Апаттың себебін анықтап, қалпына келтіру үшін арнайы штаб құрылған.
"Солтүстік водовод дейміз біз өзіміздің атауымызша. Мынау Алашахан даңғылы арқылы өтетін Байқоңыров көшесімен қиылыста ескі тұрбамен жаңаның қосылған жерінде апаттық жағдай болып тұр. Бүгінгі таңда енді жөндеу жұмыстары мердігермен қоса апаттық аймақта басталады. Өйткені орнын біз таптық. Соған керек құрал-жабдықтар мен мамандарды сол жерге тартып жатырмыз", - дейді Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055801-zezqazganda-su-qubyry-zaryldy-birnese-sagynaudan-ekinsi-kun-auyz-susyz-otyr/