Алматыда аялдамалар мен жерүсті өткелдердегі қарды мыңнан аса жұмысшы шығарып жатыр
Жарияланған күні:
Алматыда екі күн бойы толассыз қар жауып, аялдамалар мен жер үсті өткелдердегі қарды 1 110 жұмысшы шығарып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 430-дан астам қар жинайтын машина 14-16 қаңтар аралығында жауған қардан тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, әлеуметтік маңызы бар нысандарға кіреберістерді тазалау жоспарланған.
Аялдамалар мен жер үсті өткелдердегі қарды 1 110 жұмысшы шығарып жатыр.
Алматы қаласында екі тәулікте қалыңдығы 8 см-ге дейін қар жауды.
Каменск үстіртінде қар қалыңдығы 26 см-ге, Шымбұлақ пен Үлкен Алматы көлінде 46 см-ге жеткен.
Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055806-almatyda-ayaldamalar-men-zerusti-otkelderdegi-qardy-mynnan-asa-zumyssy-sygaryp-zatyr/