Италиялық басылым Шымбұлақ тау шаңғы курортын топ-5 туристік мекенге қосты
Жарияланған күні:
Condé Nast Traveller Italia басылымы Қазақстандағы Шымбұлақ тау шаңғы курортын таңдаулы 5 дестинация қатарына енгізді, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі ресми сайтында хабарлады.
Шымбұлақ тау шаңғы курортының туристік әлеуеті аңызға айналған журналдың қысқы спорт түрлерін ұнататындар арасында әлемдегі міндетті түрде баруы керек таңдаулы 5-ке ұсынылды.
Бұл тізімде қазақстандық курортпен қатар Исландиядағы Тролль түбегі, Аляскадағы Денали тауы, Грузиядағы Казбеги және Жапониядағы Зао тау шаңғы курорты бар.
"Алматы қаласынан жарты сағаттық жерде орналасқан Шымбұлақ тау шаңғы курорты керемет атмосфера мен заманауи жайлылыққа ие" ,- деп санаған шетелдік басылым апре-скиді (Француз тілінен аударғанда "апре-ски" (après-ski) тіркесі сөзбе-сөз "шаңғыдан кейін" дегенді білдіреді және тау шаңғысы курортында пайдалы болатын барлық зат осы санатқа жатады) өткізіп алмауға кеңес береді.
Министрлік мәліметінше, бұған дейін Қазақстан Wanderlust журналының топ-24 рейтингіне енсе, Алматы New York Times нұсқасы бойынша 2024 жылы баруға тұрарлық 52 орын тізіміне кірген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055830-italiyalyq-basylym-symbulaq-tau-sangy-kurortyn-top-5-turistik-mekenge-qosty/