Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер астына құлаған автобус: құтқарушылардың сөмкесі мен автобус бөлшегі табылды (фото)

Жарияланған күні:

"Майқайың-алтын" АҚ аумағы
"Майқайың-алтын" АҚ аумағы. Фото: Валерий Бугаев

"Майқайың-алтын" АҚ тау-кен аумағындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда. Автобустың болжамды орналасқан жеріне арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасының мәлімітенше, осы уақытқа дейін барлығы 200 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылған.

"Бүгін сағат 14.45-те "Майқайың-алтын" АҚ аумағындағы опырылған шұңқырдың түбіне шағын көлемді экскаватор түсірілді. Жұмыстар асқан сақтықпен және шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупінің сақталуына байланысты барлық қауіпсіздік шарасын сақтай отырып жүргізілуде.

Жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс құжатттары және жол-сапар журналы бар құтқарушылардың сөмкесі, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлшегі табылды. Іздестіру жалғасуда", - деді ведомство өкілдері.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі автобустың болжамды орналасқан жеріне дейінгі топырақты қазып алу міндеті қойылған шағын экскаватордың жұмысы аяқталғаннан кейін мамандар оны жоғары көтеру жұмыстарын басталатынын, оның бірер күнде аяқталатынын мәлімдеді.

Іздестіру жұмыстарына барлығы 141 адам, 50 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп және 2 бірлік дрон жұмылдырылған.

Іздестіру жұмыстары
Іздестіру жұмыстары. Фото: Валерий Бугаев

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055840-zer-astyna-qulap-ketken-avtobus-qutqarusylardyn-somkesi-men-avtobus-bolsegi-tabyldy-foto/