Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің оқиғасы: журналист Қымбат Досжан мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Жанни Эдди Савельев
Жанни Эдди Савельев: instagram.com/muratsaveliev

2000 жылдары Қазақстаннан асырап алынған бельгиялық азамат Жанни Эдди Савельевтің Қазақстандағы заңды өкілі Қымбат Досжан мәлімдеме жасады. Журналист Жәнібектің оқиғасын зерттей келе, көптеген дерек анықталғанын, осы іс бойынша Бас прокуратураға хат жолдағанын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Сұхбат Qazaqstan телеарнасының Тelegram арнасында жарияланды.

Қымбат Досжанның мәлімдеуінше, Арқалық қалалық полиция басқармасына Бельгия азаматы Жанни Эдди Савельевтің атынан және Қазақстандағы заңды өкілі ретінде өзінің атынан сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша арыз беріліп, іс қозғалған.

Бұған қоса Жанни Эдди Савельевтің заңды өкілі бұл іске қатысты бірқатар тың мәлімет барын айтты.

"Осы оқиғаны зерттеу барысында Арқалық қаласының балалар үйінен 2000-2004 жылдар аралығында сексеннен астам баланы шетелдіктер асырап алғаны мәлім болды. Бұл балалардың барлығы заңды түрде шет ел асты ма екен?... ", - дейді Қымбат Досжан.

Қымбат Досжан осы мәліметтерді ескере келе, сараптама және зерттеу қорытындыларын негізге ала отырып, еліміздің бас прокурорына хат жолдағанын жеткізді.

Сондай-ақ "Бармысың, бауырым?" хабарының редакциясы Парламент мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал Құспанмен де жолығып, заңгерлік кеңес алған.

"Депутат бұл маңызды мәселеде бұдан әрі қарай да көмек беретінін айтты", - дейді Қымбат Досжан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055859-belgiyalyqtar-asyrap-algan-zanibektin-oqigasy-zurnalist-qymbat-doszan-malimdeme-zasady/