Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібектің оқиғасы: Әкесі болуы мүмкін екенін айтқан азаматтың ДНҚ нәтижесі шықты

Жарияланған күні:

ЭддиЖан
ЭддиЖан. Фото: instagram.com/kymbatdoszhan

Осыдан біраз уақыт бұрын бельгиялық отбасы асырап алған қазақ жігіт Жәнібектің "әкесі болуым мүмкін" деп бір азамат ДНҚ тапсырған болатын. "Бармысың, бауырым" бағдарламасының редакторы әрі жүргізушісі Қымбат Досжан Instagram парақшасында ДНҚ талдау нәтижесі шыққанын айтты, жазады KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетейік, тележүргізуші осыған дейін Бауыржан есімді азаматтың бағдарлама редакциясына хабарласып, ДНҚ тапсырғысы келгенін айтты.

"Құдайға шүкір! Ер-азаматтар ояна бастады. "Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін, ДНҚ анализ тапсырайыншы" деп бір Бауыржан есімді азамат хабарласты. Бүгін бағдарлама редакторы Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтейік", – деп жазған болатын Қымбат Досжан.

Ал кеше "Бармысың, бауырым" бағдарламасының жүргізушісі ДНҚ талдауы оң нәтиже бермегенін мәлім етті.

"Жәнібектің әкесі болуы мүмкін екенін айтқан Бауыржан ДНҚ тапсырып, нәтижесі 0 пайыз шықты", - деп жазды Қымбат Досжан.

Еске сала кетейік, 2004 жылы бельгиялық әйел асырап алған Қазақстан тумасы ЭддиЖан биологиялық ата-анасын іздеп, Қазақстан халқынан көмек сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055891-belgiyalyq-otbasy-asyrap-algan-qazaq-zigitinin-akesi-boluy-mumkin-ekenin-aitqan-azamattyn-dnq-natizesi-syqty/