Жер астына құлаған автобустағы адамдарды тірі табу мүмкін бе: вице-министр жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін мәжіліс кулуарында төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Павлодар облысында жер астына құлаған автобустағы адамдар тірі қалуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
ТЖ вице-министрінің сөзінше, автобусты шығару қиын екен, себебі опырылған жер учаскесінде астында бос орын болып, бұл құтқарушыларға қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ ол аяз да жұмысты қиындатып жібергенін айтты.
"Егер енді топырақ жылжуы қайталанса, онда жұмыс істеп жатқан адамдар құлап кетуі мүмкін. Автобустың астында қанша бос орын бар екенін нақты білмейміз. Сондықтан біздің құтқарушылар өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр. Әрине, барлық қауіпсіздік шарасы сақталған.
Бүгінгі таңда автобус жатқан жердің маңайынан құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, 2 мың текше метрден астам топырақ шығарылды. Біз кеше ғана 5 текше метрлік экскаваторға қол жеткізе алдық. Ол тоқтап тұрып сол жерден топырақты шығара алады", - деді Сыздықов.
Вице-министрге адамдарды тірідей құтқару мүмкін бе деген сұрақ қойылды.
"Жақсы болжам бар. Бірақ біз нақты күні мен уақытын айта алмаймыз, өйткені жағдай қиын, арнайы шара жан-жақты жүріп жатыр. Біз басқа елдердің тәжірибесін зерттедік. Мұндай оқиға бұрын-соңды болмаған. Қазақстанда бірінші рет болып тұр", - деді ол.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ведомство автобусты құтқару үшін басқа елдерден көмек сұрамаған.
Еске сала кетейік, кеше оқиға орнынан олардан құтқарушылардың жол сөмкесі мен автобустың бір бөлшегі табылған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2055972-zer-astyna-qulagan-avtobustagy-adamdardy-tiri-tabu-mumkin-be-vice-ministr-zauap-berdi/