Жоғалып кеткен талдықорғандық оқушы Алматыда табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском![Жылап отырған қыз Жылап отырған қыз](https://cdn.nur.kz/images/1200x675/8de1a38bc5aef64b.jpeg)
Полицейлер бір апта бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы талдықорғандық қыздың Алматыдан табылған хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Полицейлердің хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары барысында Жетісу өңірінің тәртіп сақшылары Қаратал ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыздың жүрген жерін анықтады.
"10 қаңтардан бері туыстары мен полицейлер іздеп жүрген жасөспірім Алматыдан табылды. Кәмелетке толмаған бала үйіне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Талдықорғаннан Алматыға кеткен бойжеткеннің байланысқа шықпай, жоғалып кеткенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056117-zogalyp-ketken-taldyqorgandyq-oqusy-almatyda-tabyldy/