Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 см алшақтаған": қызылордалықтар аспалы көпірдің арасы ажырап барады деп алаңдап отыр

Жарияланған күні:

Қызылордадағы аспалы көпір
Қызылордадағы аспалы көпір. Видеодан кадр: qazaqstantv/

Қызылордада қала мен Сырдарияның сол жағалауын жалғайтын аспалы көпірдің жігі ажырап барады. Көпірдің үстіндегі жарықшақтың үлкейгенін қала тұрғындары да байқап, түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды Qazaqstan арнасы.

Тұрғындардың сөзінше, өткелдің қосылған тұстары 10 сантиметрге дейін алшақтаған. Көлік жүргізушілері де, көпірдің жалғанған жеріндегі ақау қозғалыс кезінде байқалатынын айтады.

Телеарна мәліметінше, аспалы көпір 2017 жылы ел игілігіне берілген. Жыл сайын оны күтіп ұстауға бюджеттен 10 миллион теңге бөлініп келеді.

"Сол жағалаудағы көпірдің қоспалары ажыраңқырап тұр. Жүрген кезде мынау шопырларға білініп, авариялық жағдайда тұр. Жалпы алаңдаймыз ғой енді. Жөндеуге келсе жөнделетін реті болса екен дейміз", - дейді қала тұрғыны Байзақ Байманов.

Әкімдік өкілдері өткел жігінің ажырауын соңғы күндері күн райының суытуымен байланыстырып отыр.

"Көпірдің жігтері қыстыгүні өзі ашылып, жазда қайта тартылады. Көпірдің конструкциясына байланысты ешқандай деформациялар жоқ. Қосымша тағы да тиісті мамандарды тарта отырып зерттейтін боламыз", - қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056137-10-sm-alsaqtagan-qyzylordalyqtar-aspaly-kopirdin-arasy-azyrap-barady-dep-alandap-otyr/