Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ақауы бар тұрғын үйді қабылдаған бірнеше лауазымды тұлға сотталды

Жарияланған күні:

Тұрғын үй құрылысы
Тұрғын үй құрылысы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысында ақаулары бар тұрғын үйді қабылдағаны үшін шенеунік, мердігер және техникалық қадағалау сарапшысы түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облысының прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көкшетау қалалық сотының үкімі бойынша 50 млн теңгеден астам жымқыру жасағаны үшін тапсырыс берушінің өкілі ретінде үйді қабылдап, мердігерге іс жүзінде аяқталмаған жұмыс үшін төлеген құрылыс басқармасы бастығының орынбасары 8 жылға, мердігер ұйымның басшысы 7 жылға, сондай-ақ нысан құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асырған сарапшы 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкімге Ақмола облысы прокуратурасының құрылыс басқармасының қызметін тексеру нәтижелері негіз болды.

Аталған тұлғалар Щучинск қаласында 50 млн теңгеден астам сомаға жобалық-сметалық құжаттамадан көптеген кемшіліктері мен ақаулары бар 100 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдағаны анықтады.

Іс Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша СДТБТ-да тіркелді.

Сотта соттталушылардың кінәсі толығымен дәлелденіп, іс бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Сонымен қатар үкімге облыс прокуратурасы наразылық білдіріп, сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056181-aqmola-oblysynda-aqauy-bar-turgyn-uidi-qabyldagan-birnese-lauazymdy-tulga-sottaldy/