Алматы облысында экономикалық соттың судьясы сотталды
Жарияланған күні:
Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы сотталды. Бұл туралы Антикор Telegram-арнасында хабарлады.
"Биылғы 17 қаңтарында Алматы облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарылды. А. Абдрахманов Қарасай ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының Өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асилбековтың көмегімен екі ЖШС-ті банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды", - делінген хабарда.
Ведомство мәліметінше, Қонаев қалалық сотының үкімімен А. Абдрахманов 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ал А. Асилбековке 122,5 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалған. Пара беруші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.
Сонымен қатар, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.
Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны хабарланды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056326-almatyda-audandyq-sudyaga-qatysty-sot-ukimi-syqty/