Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік кірістер органдарының экс-қызметкері Грузиядан экстрадицияланды

Жарияланған күні:

Күдіктіні экстрадициялау сәті
Күдіктіні экстрадициялау сәті. Фото: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бүгін Қазақстан прокуратурасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігі мен ІІМ Интерполының көмегімен аса ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан азаматты экстрадициялады", - деп хабарлады Бас прокуратура өкілдері.

Ведомство мәліметінше, күдікті Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері бола тұра, 37,5 млн теңге көлемінде пара алған деген күдікке ілінген. Ер адамға 2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункті арқылы ауыр жүк көліктерінің кедергісіз өтуіне көмек көрсеткені үшін кәсіпкерлік субъектілерінен пара алған деген айып тағылған.

Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

2023 жылдың қазан айында ол Грузияда ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

"Айып тағылып отырған қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін еске саламыз", - делінген прокуратура хабарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056409-memlekettik-kirister-organdarynyn-eks-qyzmetkeri-gruziyadan-ekstradiciyalandy/