Қонаевтағы ойынханаға тексеру жүргізілді: 225 млн теңге және басқа да құнды заттар тәркіленді (видео)
Жарияланған күні:
ҚМА Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері заңды деп саналатын "Макао" ойын мекемесінде онлайн-казиноны заңсыз ұйымдастыру фактісін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, онлайн-казинода ойыншыға жеке басын анықтаусыз, қолданыстағы заңнамада белгіленген ережелерді бұза отырып, спорттық іс-шараларға ставка қоюға, яғни ойын үстелдері мен рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген. Ойындар "Макао" казиносының ғимаратынан жүргізілген.
"Қаңтардың 16-нан 17-не қараған түні департаменттің жедел-тергеу тобы тінту жүргізді, оның барысында: 225,5 млн теңге, 15 мыңнан астам еуро, 719 мың рубль, 34 мың юань, 38,5 мың АҚШ доллары, ұялы телефондар, бухгалтерлік құжаттар, жүйелік блоктар, ресивер, бейнекамералар, мониторлар, флэш-карталар, серверлер мен бейнерегистраторлар табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.
Құзырлы орган мәліметінше, тергеу жүргізілуде, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етілмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056481-qonaevtagy-oiynxanaga-tekseru-zurgizildi-225-mln-tenge-zane-basqa-da-qundy-zattar-tarkilendi-video/