Көкшетауда түнгі клубқа барған 27 жастағы қыз ауруханадан бір-ақ шықты
Жарияланған күні:
Көкшетауда түнгі клубқа барған 27 жастағы қыз ауруханаға түсті. Осы іске қатысы бар деген күдікке 31 жастағы келіншек іліккен, деп хабарлайды КТК арнасы.
Арна мәліметіне сүйенсек, қыздар алғашында сөз таластырып, артынша төбелескен. Оқиға кезінде басынан жарақат, ішінен соққы алған 27 жастағы қыз ауруханаға жеткізілген.
"Ақпарат медициналық мекемеден келіп түсті. Онда 27 жастағы қыздың түрлі дене жарақатын түнгі клубта алғанын айтылған. Бұзақылық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. 31 жастағы әйелдің бұл іске қатысы бар-жоғын полиция анықтайтын болады", - деді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056509-koksetauda-tungi-klubqa-bargan-27-zastagy-qyz-auruxanadan-bir-aq-syqty/