Елімізде бірыңғай уақыт белдеуін енгізуге қатысты қаулыға премьер-министр қол қойды
Жарияланған күні:
Премьер-министр Әлихан Смайылов 1 наурыздан бастап еліміздің аумағында 5-ші сағаттық бірыңғай уақыт белдеуін енгізуге қатысты құжатқа қол қойды, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы.
Үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулысы бойынша "Қазақстан аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" 2000 жылғы 23 қарашадағы № 1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы етеді қабылданды.
"Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын", - делінген қаулыда.
Премьер-министрдің баспасөз қызметі қаулы 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетінін мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056529-ukimette-biryngai-uaqyt-beldeuin-engizuge-qatysty-qaulyga-qol-qoiyldy/