Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер астына құлап кеткен автобус: жоғалғандарды іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр (фото)

Жарияланған күні:

Іздестіру жұмыстары
Іздестіру жұмыстары. Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облыстық ТЖД "Майқайыңалтын" аумағында әлі де топырақтың құлау қаупі барын, құтқарушылар өмірге қауіп төндіретін жағдайда жұмыс істеп жатқанын мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, шағын көлемді экскаватормен шұңқырдан шамамен 850 текше метр көлемінде топырақты қайта экскавациялау жұмысы жүргізілді. Бұл екінші экскаватордың жұмыс істеу кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік берген.

"20 қаңтарда барлық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, 2 бульдозердің көмегімен тік және көлденең сақтану шарасын қолдана отырып, машинистпен екінші шағын экскаватор іске қосылды. Оның көмегімен үлкен көлемді тастар мен тау жыныстары автобустың болжамды орнынан алынады", - делінген хабарда.

Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары шұңқыр түбіндегі екі экскаваторшы мен басқа да мамандардың жұмысын сақтандыруды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жанармай, тамақ, маркшейдерлер, сондай-ақ табылған заттарды көтеру жұмыстары жүргізілуде.

Сканерлеу арқылы шұңқырдың шетінен тастардың қозғалысы мен құлауын бақылау тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ экскаваторлардың бағытын үйлестіру үшін шұңқырдың түбін гесканизациялау жүргізілген.

Іздестіру жұмыстары
Іздестіру жұмыстары. Фото: Павлодар облысы ТЖД

"Жұмыс нөлден төмен температурамен және топырақтың үнемі қозғалу және сырғуымен қиындауда, құлау қаупі бар. Іздеу жұмыстарына барлығы 147 адам, 45 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 ұшқышсыз ұшу құрылғысы жұмылдырылған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056568-zer-astyna-qulap-ketken-avtobus-zogalgandardy-izdeu-zumystary-qalai-zurip-zatyr-foto/