Алматыда 40 см қар жауды: қала қалай тазаланып жатыр
Жарияланған күні:
Алматы қаласында 17-20 қаңтар аралығында 40 см қар жауды. 21 қаңтарда күндізгі уақытта көшелер мен жолайырықтардағы тоннельден 26 қар тиегіш пен 66 өзі түсіргіш жүк көлігімен жаппай қар шығару жалғасыпжатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 37,5 мың м3 қар шығарылды, бұл 3750 рейс өзі түсіргіш жүк көлігімен тең.
"Айта кетейік, қар негізінен көшеде көлік және жол жиегіне қойылған машина аз кезде - түнде шығарылып жатыр, бұл уақытта 40 қар тиегіш пен 80-нен астам өзі түсіргіш жүк көлігі жұмылдырылды. Соңғы қар жауғаннан басынан бастап 2371 тонна көктайғаққа қарсы материалдар қолданылды", - делінген әкімдік хабарында.
Күндізгі уақытта 487 арнайы техника мен 1125 жұмысшы жұмылдырылды. 194 шағын көлемді техникамен тротуарлар мен қоғамдық орындар қолмен күреліп, тазартылып жатыр.
Қоғамдық көлік аялдамалары мен жерүсті өткелдері де қолмен тазартылды. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін 24 сағаттық кезекшілік ұйымдастырылды.
Айта кетейік, "Қазгидромет" мамандарының болжамынша, бүгін күндіз аздаған қар жауған. Ауа температурасы -6...-8 градус.
Ал ертең, 22 қаңтарда қалада жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -14...-16, күн -3...-5 градус болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056621-almatyda-40-sm-qar-zaudy-qala-qalai-tazalanyp-zatyr/