Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда ескі үйді жөндеу үшін шенеуніктер тұрғындарға несие алуды ұсынған

Жарияланған күні:

Ақтаудағы ескі үй
Ақтаудағы ескі үй. Фото: Lada.kz

Ақтаудағы көппәтерлі үй қирап жатыр, оған күрделі жөндеу қажет. Бірақ жергілікті билік бюджетте қаражат жоқ екенін айтып, тұрғындарға несиеге жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұсынған, деп хабарлайды Lada.kz.

Өңірлік басылымның хабарына қарағанда, техникалық тексеріс қорытындысы бойынша, Ақтаудағы №72 үйге күрделі жөндеу қажет екені анықталған. Осындай жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғындарға несие алу ұсынылыпты.

"Бюджетте өтеусіз негізде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат көзделмегендіктен, тұрғындарға қайтарымды қаражат есебінен үйді жөндеу ұсынылады.

Яғни, пәтер иелері қалған тұрғындардың жалпы санының үштен екісінен астамының келісімімен қайтарымды негізде 0,1 пайыз мөлшерлемемен жеті жылға дейін (келісім бойынша 15 жылға дейін ұлғайтуға болады) бюджеттік кредит ала алады", - деп түсіндірді қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056627-aqtauda-eski-uidi-zondeu-usin-seneunikter-turgyndara-nesie-aludy-usyngan/