Оралда тұрғын үйдегі тарақан улау шарасынан кейін бірнеше адам ауруханаға түсті
Жарияланған күні:
Оралдағы көпқабатты үйдің тұрғындары тарақандарды дезинсекциялаудан кейін уланып қалған. Зардап шеккендердің арасында бес жасар қыз бар, деп хабарлайды "Мой город".
Бұл оқиға 19 қаңтарда Орал қаласында, 1 Завокзальный тұйық көшесіндегі үйлердің бірінде болған.
Өңірлік басылымның хабарлауынша, көпқабатты үйдің 36 жастағы тұрғыны түнде өз пәтеріне тарақандарды өлтіретін құрал шашып, улауды ұйғарған.
Кейінірек ер адамның көршілері әлсіреп, жедел жәрдем шақырған. Сонымен қатар, БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі химиялық заттан жаппай ингаляциялық улану дерегі болғанын хабарлады. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының қабылдау бөлмесіне бес адам - 50 жастағы ер адам, 73, 42 және 32 жастағы әйелдер және 5 жасар қыз жеткізілген.
Барлық пациент таңертеңге дейін тексеріліп, динамикалық бақылауға алынды. 20 қаңтарда таңертең барлық науқас амбулаториялық емделуге жіберілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056628-oralda-turgyn-uidegi-taraqan-ulau-sarasynan-birnese-adam-zardap-sekti/