Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығын миллиард теңгеден асады: "Капитал мечты" қаржы пирамидасының басшысы ұсталды

Жарияланған күні:

Ер адам ақша ұстап тұр
Ақша. Көрнекі фото: Yevgeniy Sambulov/Getty Images

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Капитал мечты" ЖШС қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл жөнінде ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттіктің Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10 пайызын төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары мен қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды.

Қаржы пирамидасының басшысына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

"Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды, жалпы соммасы 1 млрд теңгеден асады" - дейді ведомство өкілдері.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056702-sygyn-milliard-tengeden-asady-kapital-mecty-qarzy-piramidasynyn-bassysy-ustaldy/