Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елдің кей өңірінде 30 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Жарияланған күні:

Қар
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның кей өңірінде 30 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, 23-25 қаңтар аралығында, республиканың батыс жартысында күн жауын-шашынсыз, аязды болмақ.

Ал елдің қалған аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ, тұман, боран мен желдің күшеюі күтіледі.

Түнде елдің батысында ауа температурасы -22...-30 градусқа дейін, солтүстік-батыста -20...-30 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста -7...-18 градусқа дейін төмендейді. Сонымен қатар оңтүстікте -5 градустан +5 градусқа дейін құбылса, оңтүстік-шығыста 0...-10 градусқа дейін суытады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056707-aldagy-kunderi-eldin-kei-onirinde-30-gradusqa-deiin-ayaz-boluy-mumkin/