Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарап отыратын уақыт емес": ақтаулық блогер Каспий теңізінің тартылып жатқанын көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Каспий жағасы
Каспий жағасы. Видеодан кадр: instagram.com/azamat_sarsenbayev

Маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Каспий теңізінің тартылып жатқаны түсірілген видео жариялады. Блогер сарапшылардың пікірімен келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сәрсенбаевтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Блогер Азамат Сәрсенбаев тағы да Каспий теңізінің таяздығы туралы кадрлар жариялады.

"Жыл сайын Каспий теңізі қаламыздың жағалауынан алыстап барады. Шынымды айтсам, "сарапшылардың" алаңдамаңдар дегенімен келіспеймін. Олар Каспийдің бұрынғы қалпына оралатынын, бұл циклдық құбылыс екенін, 1970-жылдары одан да нашар болғанын айтады.

Мен де, бәріміз де қазіргі уақытта өмір сүріп жатырмыз, қазір осы оқиғалардың куәгеріміз. Үндемей, табиғат өзін-өзі реттейді деп қарап отыратын уақыт емес", - деп жазды Сәрсенбаев видеоның сипаттамасында.

Пікір жазған қазақстандықтардың біразы бұл пікірмен келіскен.

"Теңіз тартылып барады", "Қызық, бұл табиғи құбылыс па, әлде адам факторы ма?", " Мүмкін, бұл циклдық құбылыс шығар. Табиғат та адамнан кек алып жатқан болар", "Кеше мен осы жерде болдым", "Иә, оның тартылып жатқаны өкінішті", - деп жазылған видеоның астындағы пікірлерде.

Былтыр блогер Атырау облысы Жанбай ауылында болып, Каспий теңізі ауылдан қаншалықты алысқа кеткенін көрсеткен видео түсірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056746-qarap-otyratyn-uaqyt-emes-aqtaulyq-bloger-kaspii-tenizinin-tartylyp-zatqanyn-korsetti-video/