Рэп орындаушысы Скриптониттің туған ауылының атауы өзгерді
Жарияланған күні:
Павлодар облысындағы Ленинский ауылының атауы ресми түрде Атамекен болып өзгерді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елді мекен әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №4 бірлескен қаулысы және Павлодар облыстық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 105/8 шешімімен Ленин кенті Атамекен болып қайта аталды", - делінген хабарда.
Айта кетейік, былтыр жазда павлодарлық депутаттар қалалық мәслихат сессиясының қорытындысы бойынша, Ленинский ауылының атауын өзгертуді мақұлдаған болатын.
"Павлодар онлайн" басылымының мәліметінше, ауыл 1914 жылы Бидайық мекеніндегі №7 әкімшілік ауыл болып құрылған. 1965 жылдан бастап Ленинский деп аталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2056770-rep-oryndausysy-skriptonittin-tugan-auylynyn-atauy-ozgerdi/